Түркістан облысында жол апатынан бір әулеттің 5 қызы көз жұмды

Маусым 29, 2026 - 23:39
chat_bubble  0 visibility  2
Түркістан облысында жол апатынан бір әулеттің 5 қызы көз жұмды
Фото: Kazinform

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бір әулеттің 5 қызы мерт болды. Қайтыс болғандардың барлығы кәмелетке толмаған. Апаттан тағы бір бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды sadaq.kz.

Қайғылы оқиға Түлкібас ауданы Еңбекші ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші автокөлікті қатты айдап келіп, жол жиегіндегі ағашқа соғылған. көліктегі алты адамның бесеуі оқиға орнында қайтыс болған. Апаттан аман қалған жалғыз баланың халі ауыр. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Полицейлер қылмыстық іс қозғап, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі ағашқа соқтығысқан. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады", – деді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0