Түркістанда бір сыныптың екі оқушысы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Мамыр 19, 2026 - 23:13
chat_bubble  0 visibility  1
Түркістанда бір сыныптың екі оқушысы ҰБТ-дан 140 балл жинады
Фото: Түркістан облысы білім басқармасы

Түркістан қаласындағы жекеменшік мектептің екі түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.


11 "Д" сынып оқушылары Айсұлтан Жаңбырбай мен Жасур Нышанбаев ҰБТ-дан 140 балл жинаған. Екеуі де Дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілін таңдаған. Сондай-ақ халықаралық IELTS емтиханынан 6,5 балл алған.


Жасур қаңтар айындағы ҰБТ-да 120 балл, наурызда 128 балл жинаса, мамырдағы негізгі тестілеуде нәтижесін 140 балға жеткізді. Ал Айсұлтан бұған дейін қаңтарда 125 балл, наурызда 128 балл алған.

Айта кетейік, Айсұлтан Шымкенттен арнайы келіп, мектеп жатақханасында білім алған. Қос түлек те болашақта Мақсұт Нәрікбаев университетінде аударма ісі мамандығы бойынша оқуды жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0