Түркия тұрғыны Рамазан айында қайыр сұрап байыған

Наурыз 13, 2025 - 12:42
Наурыз 13, 2025 - 13:58
Түркия тұрғыны Рамазан айында қайыр сұрап байыған
Фото: видеодан скрин

Түркияда Рамазан айында қайыр сұраған адам 165 мың лира 2 миллион теңгеден аса қаражат жинап, рекорд орнатты. Қасиетті айда жақсылық жасауды құп көрген көшедегі адамдар оған барынша ақша тастаған. Бұл туралы sadaq.kz 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әдетте Түркияда қасиетті айда қайыршы болғандар аз уақытта рекордты түрде байып жатады. Бірнеше күн ішінде ер адам 165 мың түрік лирасына садақа жинаған. Бұл шамамен 4 жарым мың доллардан (2 миллион 250 мың теңгеден) асады.

Ялова қаласының көшесінде қайырымдылық сұраған ол полицейлердің назарын бірден аударған. Қайыршы нағыз "бай" болып шықты.

Көшедегі адамдар оған берген барлық ұсақ-түйектерді санау үшін алты адам қажет болған. Қайыршының барлық түскен ақшасы тәркіленді. Бұл елдің заңдары бойынша көшеде қайыр сұрауға тыйым салынған. Бұл үшін айыппұл салынуы немесе тіпті түрмеге жабылуы мүмкін. Полицейлердің айтуынша, қасиетті Рамазан айы мен түрлі діни мерекелерде көшелерге қайыршылар көбейеді. Себебі мұндай күндері адамдары барынша көмек етуге тырысады. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow