Тұрсын және Баян Алагөзовтар қос қызының тұсаукесерін дүркіретіп атап өтті

Тамыз 25, 2025 - 11:47
Тамыз 25, 2025 - 11:49
Тұрсын және Баян Алагөзовтар қос қызының тұсаукесерін дүркіретіп атап өтті
Фото: Видеодан скрин

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен продюсер Баян Алагөзова қос қызының тұсаукесерін атап өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Тұсау кесу рәсімінде Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек пен жиені Аша Матай періштелердің тұсауын кесті. Ал әнші Жазира Байырбекова «Тәй-тәй» әнін орындап, қуанышты сәтті әуезді әуенмен әрледі.

«Бақытты болыңдар, балақайлар! Мен сендерді қатты жақсы көремін», – деп бөлісті Айсәуле Instagram парақшасында.

Әлеуметтік желі қолданушылары да танымал отбасын құттықтап, ізгі тілектерін жаудырып жатыр:

«Қадамдары құтты болсын!», «Айсәуле мен Ашадай парасатты болсын!», «Құлыншақтар көрікті де ақылды болып өссін!» деген сынды пікірлер жазылған.

Айта кетейік, өткен жылдың тамыз айында Баян Мақсатқызы жұртты таңғалдырған жаңалығын бөлісіп, үшінші және төртінші қызы дүниеге келгенін хабарлаған болатын.

Сондай-ақ, жуырда әлеуметтік желіде оның үлкен қыздары Айсәуле мен Айару түскен бейнежазба тарап, көпшіліктің назарын аударды. Видеода әпкелі-сіңлілердің бірі шай ішіп отырса, екіншісі сырадан ұрттап отырған сәті бейнеленген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Asha Matai❤❤❤❤❤KZ (@asha_matai)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow