Тәліптер әйелдерге арналған орындарда терезе салуға тыйым салды
Талибанның жоғарғы жетекшісі жаңа жарлық шығарды. Енді тәліп әйелдері жиі отыратын орындарға терезе салуға тыйым салынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жаңа ережелер тұрғын үйлердің бәріне қатысты шығып отыр. Оларда “алаңға, асүйге, көршінің құдықтарына және әйелдер жиі болатын басқа жерлерге қарайтын терезелерді” орнатуға тыйым салынған.
Талибан өкілі Забихулла Муджахидтің айтуынша, бұл шара әйелдерді бақылаудан туындайтын “әдепсіз әрекеттердің” алдын алу үшін қабылданған.
Егер жаңа ғимараттар бұл талаптарға сәйкес келмесе, үй иелеріне қабырға тұрғызуға немесе көруді бөгейтін басқа тосқауылдар қоюға міндеттеме енгізіледі. Осы ережелердің орындалуын жергілікті билік органдары мен басқа да құзырлы мекемелер бақылап отыратын болады.
2021 жылы Талибан билікке келгеннен бері Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары қатты шектелді. Оларға мектепке баруға, жұмыс істеуге, саябақтар мен қоғамдық орындарға шығуға тыйым салынды.
Сіздің реакцияңыз қандай?