«Уәдемді орындайтын кез келді»: Тоқаев Арқалыққа қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Президент биыл Қостанай облысына міндетті түрде сапарлайтынын айтты

Бүгін Ақмола облысындағы сапар аясында жиын өткізіп жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл міндетті түрде Арқалыққа баратынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазып отырғандай, президент бұның алдында да, биылғы Жолдауында да Торғай өңіріне көңіл бөлу керегін айтқан еді.
«Амандық болса, биыл Қостанай облысына міндетті түрде барамын. Жоспарымда бар. Жолдауымда Қостанай облысын арнайы атап өттім, Торғай жеріне баса назар аудару керек деп айттым. Арқалыққа биыл міндетті түрде барамын. Кезінде уәде бердім, оны орындайтын кез келді. Торғай өңіріне көңіл аудару керек», - деді Тоқаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?






