Украина мен АҚШ пайдалы қазбалар жөніндегі келісім туралы меморандумға қол қойды

краина мен АҚШ арасындағы пайдалы қазбалар жөніндегі келісім аясында меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Украина бірінші вице-премьері - экономика министрі Юлия Свириденко хабарлады.
"Бүгін біз АҚШ-пен экономикалық серіктестік жөніндегі келісімге бір қадам жақындадық. Украина мен Америка Құрама Штаттары меморандумға қол қойды. Бұл — біздің топтардың конструктивті бірлескен жұмысының дәлелі және екі халыққа да тиімді болатын келісімге қол жеткізуге деген ұмтылыс", - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.
Енді келісім мәтінін нақтылау және оған қол қою қалды. Оған дейін құжатты екі ел парламенттері ратификациялауы қажет болады.
Юлия Свириденко сондай-ақ, Украинада қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған Инвестициялық қор құру жоспарланып отырғанын айтады.
"Аталған келісім ірі инвестициялар тартуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және Украина мен АҚШ арасындағы өзара тиімді серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді. Сол себепті құжатты әзірлеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?






