Украинада Астанадағы жарылғыш зат туралы жалған хабарлама жіберген жасөспірім ұсталды
Украинада Астанадағы ғимараттардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберген жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
26 тамызда Сумы қаласында Қазақстан ІІМ мен Украина киберполициясының өзара іс-қимылы нәтижесінде Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде жарылғыш зат жасырылғаны туралы көрінеу жалған хабарлама жіберді деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды.
"Тінту барысында ұялы телефондар, планшет, ноутбук, жүйелік блок және банк картасы тәркіленді. Электрондық құрылғылардан пайдаланылған аккаунт, жіберілген хабарламаның мәтіні және басқа да цифрлық дәлелдемелер анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта тәркіленген техникаларға талдау жүргізіліп жатыр. Ықтимал сыбайластар анықталып, ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да фактілерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Украинаның құзырлы органдарымен одан әрі процестік шешімдер қабылдау мәселесі бойынша өзара іс-қимыл жалғасып жатыр.
Ішкі істер министрлігі нысанды жару, терроризм жасау, кепілге адам алу және қауіпсіздікке төнетін өзге де қатерлер туралы жалған хабарламалар үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0