Утиль алымы бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобы бекітілді

Маусым 4, 2024 - 15:56
Маусым 4, 2024 - 15:57
Утиль алымы бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобы бекітілді

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ӘРПК-нің 90-5-бабының 2-тармағына сәйкес утиль алымы бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобының құрамын бекітті.

Министрліктің мәліметінше, жұмыс тобының құрамына парламент депутаттары, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірген. 

Сонымен қатар топ құрамына петицияның бастамашысы, бірқатар қоғамдық бірлестіктің, сарапшылық қоғамдастықтың және өнеркәсіп секторының өкілдері де қосылды.

24 мамырда E-Petition.kz ресми порталында жарияланған утиль алымы, қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты петицияға 50 мыңнан астам қол қойғаны белгілі. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow