Венесуэлада жеті күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды

Қаңтар 7, 2026 - 11:53
 0  19
Венесуэлада жеті күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды

Венесуэла билігі елді қорғау жолында қаза тапқан азаматтарды еске алу мақсатында жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Бұл туралы республика вице-президенті Делси Родригес мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz. BAQ.kz-ке сілтеме жасап. 

Вице-президент қаза тапқандар «республиканың ең жоғары құндылықтары жолында жанын қиған шейіттер» ретінде ұлықталатынын атап өтті. Сондай-ақ ел ішіндегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтау қажет екенін айтып, халықаралық қауымдастықты Венесуэлаға қысым мен сыртқы шабуылдарды тоқтатуға тағы да шақырды.

Аза тұту кезеңінде ел аумағында мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары тоқтатылады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 1
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 1
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0