WBC чемпионымен айқасуы тиіс қазақ боксшысын АҚШ-қа кіргізбей жатыр

Мамыр 6, 2025 - 12:27
 0  72
WBC чемпионымен айқасуы тиіс қазақ боксшысын АҚШ-қа кіргізбей жатыр
Фото: None

Орта ссалмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) Америкаға виза ала ламай жүргенін айтты, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Нұрсұлтанов орта дивизионда WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) міндетті қарсылас.

Америкада жүргенімде жылына бір жекпе-жек өткізіп отырдым. Сосын Қазақстанға келдім.

- Америкаға қайта бару жоспарда бар ма?

- Бар, бірақ, виза болмай тұр.

- Әлі ала алмай жүрсің ба? 

"Құжаттарымды екі рет тапсырдым, екі рет кері қайтарды. Қазір сол елшілікте бір таныс адам жұмыс істейді, тағы бір рет құжат тапсырып көрмекпін. Жоспар - Америкаға барып, сол жақта жаттығу. Шақырту қағазы болған, бірақ АҚШ-та маған: "Себебін айта алмаймыз" деп виза бермей, төлқұжатымды қайтарып берді", — дейді Нұрсұлтанов "Бірінші Бол" YouTube арнасында.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов 2023 жылдың қарашасынан бері рингке шықпаған. Соңғы жекпе-жегі Өзбекстан астанасы Ташкентте өтті, онда ол чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 KO) бір ауыздан шешіммен жеңген болатын. 2024 жылдың шілдесінде қайта оралмақ болғанымен, сол кездегі жекпе-жек өтпей қалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Meiirim Nursultanov MN (@meiirim.nursultanov)

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0