«Ұлы үшін өзін құрбан етті»: Арсен Томский Михаил Шайдоровтың әкесіне Audi Q8 сыйлады

Ақпан 24, 2026 - 09:17
Ақпан 24, 2026 - 09:19
 0  40
«Ұлы үшін өзін құрбан етті»: Арсен Томский Михаил Шайдоровтың әкесіне Audi Q8 сыйлады
фото: әлеуметтік желіден

Белгілі кәсіпкер Арсен Томский Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі әрі алғашқы бапкері Станислав Шайдоровқа Audi Q8 маркалы автокөлік тарту етті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Кәсіпкердің айтуынша, Михаилдың тарихи жеңісінің артында жылдар бойғы тынымсыз еңбек, қатаң тәртіп пен үлкен құрбандық жатыр.

«Михаил Қазақстанда ғана емес, шетелде де миллиондаған адамды шабыттандырған керемет өнер көрсетіп, Олимпиада алтынын жеңіп алды. Алайда бұл жеңістің негізінде күнделікті маңдай тер, тәртіп пен табандылық тұр», – деп жазды ол.

Арсен Томский бір кездері Станислав Шайдоровтың ұлының спорттағы жолын қолдау үшін өз көлігін сатуға мәжбүр болғанын атап өтті.

«Станислав Александрович ұлының арманы үшін өз көлігін сатып, үлкен тәуекелге барған. Бұл жағдай маған өте жақын. Себебі мен де сенген ісім үшін екі рет көлігімді саттым: қиын кезеңде командамның жалақысын төлеу үшін және қаражат жетпеген сәтте Якутия құрамасын киберспорт чемпионатына жіберу мақсатында», – деді кәсіпкер.

Көлікті табыстау рәсімі кезінде Станислав Шайдоров толқып, көз жасын тыя алмаған.

«Бұл – ұлымен бірге ұзақ әрі ауыр жолдан өткен, ақырында сенімі Олимпиада алтынына айналған әкенің көз жасы», – деп жазды Томский.

Жазба соңында кәсіпкер әрбір үлкен жетістіктің түп-тамыры сенімде жатқанын атап өтті.

«Әр чемпионның артында бір күні “Мен саған сенемін” деп дем берген адам тұрады. Ұлы жеңістер әрқашан сенімнен басталады. Шайдоровтар отбасына және бүкіл Қазақстан халқына жаңа табыстар, қуаныш пен мақтаныш тілеймін», – деп түйіндеді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0