Ұлытау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Мамыр 18, 2026 - 12:06
 0  13
Ұлытау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып Бақытжан Өміртайұлы Жайлаубаев тағайындалды, деп хабарлайды, Sadaq.kz.

1984 жылы туған Бақытжан Өміртайұлы еңбек жолын Сәтбаев қалалық мәдени сауық орталығының директоры қызметінен бастаған. Әр жылдары ішкі саясат саласында, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде, сондай-ақ Энергетика министрлігінде түрлі жауапты қызметтер атқарған.

2022–2024 жылдары Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары болса, 2024 жылдың қарашасынан бері Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасын басқарды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0