Ұлытау облысында 300 келі марихуана  тасымалдаған бес адам ұсталды

Наурыз 30, 2026 - 10:40
chat_bubble  0 visibility  2
Ұлытау облысында 300 келі  марихуана  тасымалдаған бес адам ұсталды
Фото: Polisia.kz

Ұлытау облысында 300 келіден астам марихуана  тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасының мәліметінше, қылмыстық топ есірткі тасымалын елдің оңтүстік аймағынан ұйымдастырған. Полицейлер Жезқазған – Қарағанды автожолында бес адамды ұстады.

Күдіктілер есірткі жеткізу маршрутын бақылап отырған. Көлікті тексеру барысында 13 пакет тәркіленіп, оның ішінен 300 келіден астам марихуана табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген есірткі шамамен миллионға жуық бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны үш миллион АҚШ долларына (1,5 миллиард теңгеге) жетеді.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі есірткіні өндіру мен таратуға қатысты кез келген заңсыз әрекеттің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0