Ұлытау облысында төрт баланың анасын өлтіріп кетті

Сәуір 9, 2026 - 17:54
chat_bubble  0 visibility  1
Ұлытау облысында төрт баланың анасын өлтіріп кетті
фото: sputnik.kz

Ұлытау облысындағы Жәйрем ауылында төрт баланың анасын өлтіріп кетті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Марқұмның жасы – 42-де. Қылмыс жасады деген күдікпен оныңмен бірге тұрған 33 жастағы ер адам ұсталды. Ол әйелді дүкенде пышақтап өлтірген. Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Күдікті – қайтыс болған адамның 33 жастағы азаматтық некедегі күйеуі, жергілікті тұрғын. Қылмыс жасағаннан кейін ол өзіне қол жұмсауға тырысқан. Қазіргі уақытта медициналық мекемеде, тәулік бойы полиция күзеті қойылған. Сот оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – дейді Ұлытау облыстық полиция департаменті.

Емдеу аяқталған соң күдікті дереу тергеу изоляторына жеткізіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0