Ұлттық құрама бапкері футболшыларды педикюрге жіберген

Наурыз 4, 2025 - 22:26
Ұлттық құрама бапкері футболшыларды педикюрге жіберген
Фото: offside.kz
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы, қазір бас бапкердің көмекшісі Елдос Ахметов Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы турының қорытындысын шығарып, футболшылардың аяз бен сапасыз алаң жағдайында ойнағанына тоқталды, деп жазады Offside.kz. 
Елдос Ахметов футболшылардың кәсібилігі туралы сөз қозғап, әсіресе аяқтағы тырнақтың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, тырнақтарға дұрыс күтім жасау футболшылардың ойынын жақсартып, жарақат алу қаупін азайтады. 
 
"Футболшының аяғы оның басты құралы. Әрине, оған дұрыстап қарау керек. Оның жарақаттанбауы, оның қызыл болмауы, ішіне ірің толмауы керек. Осыны қадағалап жүретінбіз. Өзім футболшы болғанда да барып тұрдым. Қазір енді қойдық қой", - деді Ахметов FonTeam берген сұхбатында. 
 
Әлем чемпионаты-2026: Қазақстан құрамасының жорығы
Наурыз айының соңында Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиевтің басшылығымен Әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтарын өткізеді.
23 наурыз күні Қазақстан құрамасы Уэльс командасымен кездеседі. Үш күннен кейін, 26 наурызда, Лихтенштейнге қарсы алаңға шығады.
Қазақстан құрамасының мүмкіндіктері мен болжамдар
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан құрамасының Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы матчтардағы мүмкіндіктері жаман емес.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow