«Үміт еткен балаң мен әкеңнен айырылсаң қартаясың»: Ердос Қанаев өзін сынағандарға жауап берді

Қыркүйек 16, 2026 - 01:47
chat_bubble  0 visibility  1
«Үміт еткен балаң мен әкеңнен айырылсаң қартаясың»: Ердос Қанаев өзін сынағандарға жауап берді
Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші, «Жігіттер» тобының мүшесі Ердос Қанаев әлеуметтік желіде өзіне қатысты айтылған пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Желі қолданушылары әншіге соңғы кезде  «қартайып кетіпсіз» деген пікірлерді жиі жазған.  Өнер иесінің айтуынша, адамның сырт келбетіндегі өзгерістер мен жүзіндегі іздер бастан өткерген ауыр кезеңдермен тікелей байланысты.

«Алдыңғы рилста «Қартайып кетіпсіз», «Бұл да қартайыпты» деген сынды комменттер жазылған екен. Үміт еткен балаң 10 жасында бақилық болса, артынан асқар тау әкең о дүниелік болса қартаясың. Көз ілеспес шапшаңдықпен қартаяды екенсің. Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес, түсінгенім!» – деп жазды ол.

Ердос Қанаевтың бұл сөздері желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, оқырмандар өнер иесіне қолдау білдіріп жазды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0