Үндістанда тағы бір ұшақ өртеніп кетті

Шілде 23, 2025 - 17:42
Үндістанда тағы бір ұшақ өртеніп кетті
Фото: видеодан скрин

Air India әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы Нью-Делидегі халықаралық әуежайға қонғаннан кейін өртке оранды, деп хабарлайды sadaq.kz. 

Бұл – соңғы екі тәулік ішінде Air India әуе компаниясында тіркелген үшінші төтенше жағдай. 

Әуе кемесі Гонконгтан ұшып келген. Әуе компаниясы төтенш оқиға туралы ақпаратты растады.

Ресми мәліметке сәйкес, жолаушылар ұшақтан түсіп жатқан кезде оның қосалқы қуат қондырғысы тұтанып, кейін автоматты түрде сөндірілген. Қазір әуе кемесі тексеру жүргізу үшін уақытша пайдаланудан алынды. Әуе компаниясы оқиға жөнінде авиациялық органдарға хабар берген.

Бортта болған жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шекпеген. Бұл – соңғы 48 сағат ішінде Air India әуе компаниясында тіркелген үшінші төтенше жағдай.

Айта кететіні, 12 маусым күні Air India әуе компаниясының Ахмедабадтан Лондонға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Әуе компаниясының мәліметінше, ұшақ бортында 242 адам болған, оның ішінде екі ұшқыш пен он бортсерік бар. Апат нәтижесінде бір жолаушы ғана аман қалды.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow