«YouTube-тан көре аласыздар»: Роза Әлқожа күміс тойларын дүркіретіп өткізетінін айтты

Биыл белгілі әнші Роза Әлқожа мен Айдын Қабаның отасқанына 25 жыл толып отыр, деп хабарлайды sadaq.kz.
Әнші Instagram парақшасында қуанышын бөлісті:
«Отағасы Айдын Қаба 45 жасқа толады. Осыған орай ұл-қыздарымызбен ақылдастық. Жанашыр елді жинап, батасын алсақ деп отырмыз. Бас қосқанымызға да 25 жылдың бедері. Алда алтын тойға дейін ғұмыр бар, қызық-қуанышымыз көп болсын дейік! Біреуге құда, біреуге ата болған Айекең – қадірлі қария, абыз ақсақал болсын деп ниет еттік. Тойға келе алмағандар Roza Alkhoja деген YouTube арнамыздан тегін тамашалай алады. Оған әр қуанышымызда атсалысып, балаларын жіберіп, бір жағымнан көтеріп алатын @jenka.studio жауапты! Қалыңдыққа @aidakaumenova_official көйлек тігіп жатыр!», - деді ол.
Желі қолданушылары әншіге жылы тілектерін жаудырып, күміс тойға қатысты жаңалықты қуана қабылдады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






