«Ұрсысып қалдық»: Жігер Ауыпбаевты тастап кеткен «Қойшы бала» тағы продюсер ауыстырды

Қараша 20, 2025 - 09:55
Қараша 20, 2025 - 10:24
«Ұрсысып қалдық»: Жігер Ауыпбаевты тастап кеткен «Қойшы бала» тағы продюсер ауыстырды
фото: әлеуметтік желіден

Қойшы бала лақап атымен танылған Айдос Кәден тағы да продюсер ауыстырды. Бұл туралы ол НТК арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Еске салайық, осыдан 4 жыл бұрын өнерін қойларына көрсетіп жүрген жас талантты, Жігер Ауыпбаев ауыл қорасынан суырып алып, сахнаға шығарған-ды. Алайда Жігер Ауыпбаев пен Қойшы баланың жұмысы ұзаққа бармады. Шәкірті мен ұстазы бір-біріне деген өкпесін әлеуметтік желіде жарыса жазған еді. Даудың арты продюсерді ауыстырумен шешілді ме деп ек, бірақ көп ұзамай, әнші бала ол жетекшімен де тіл табыса алмаған.

 – Мен ол кісімен ұзаққа барғым келген жоқ. Кейде ұрсысып қаламыз. Ұзаққа шаппайтынымыз белгілі болды. Енді мен оны әрі қарай созып, құр босқа жүргім келген жоқ. Сол жерден тоқтаттым, - дейді әнші Айдос.

Оған себеп процесстің жоқтығы деп ақталды, қойшы бала. Продюсерімен жұмысы ұнамаса өзі тоқтатып, артынша бірден жаңа жетекші табуға еті үйренген Айдос бұл жолы да әдетінен танбады.

– Қазір тағы да жаңа продюсермен жұмыс істеп жатырмыз. Сыйластық бар бір біріміздің ортамызда, - дейді ол.

Жаңа продюсер танымал қойшы баланың тұрақсыздығынан қорықты ма белгісіз, бірден келісімшартқа отыруды ұсынған:

– Қазір 5 жылға келісімшартқа отырдық. Егер де кімде-кім бірінші келісім-шартты бұзатын болса, айыппұл 17 миллион теңге, - дейді ол.

Әли Нұржанов, продюсер: «Қойшы баланың брендін қалыптастыру керек. Әлі ол әлі қалыптаспаған бала. Оны барынша жоғарыға қарай шығарсақ деген ниет бар»

Өнер иелерінің жұмыс істегеніне әлі 1 ай толмаған. Бірақ, әнді де жазып, бейнебаян да түсіріп үлгерген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow