«Үйдің іші нәжіске, тарақанға толы»: Шымкентте тыл еңбеккері жылдар бойы адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп келген

Instagram желісінде қорқынышты жағдайда өмір сүріп жатқан әжейдің видеосын тарады, деп жазады Sadaq.kz.
Еріктілердің айтуынша, әжей – тыл еңбеккері, антисанитарлық жағдайда тұрған: үйдің іші толған нәжіс, тарақандар қаптап, әбден ластанған. Белгілі болғандай, әжейдің зейнетақысын туысы алады, бірақ күтім көрсетпейді және оны қарттар үйіне орналастырудан бас тартқан.
«Егер әпкесі күтім көрсете алмаса, бірақ зейнетақыны алса, бұл қалай аталады?» – деп жазды жазбаның авторлары, жергілікті әкімдікті жағдайға назар аударуға шақырып.
Еріктілердің айтуынша, Жеңіс күніне орай әжейге медаль мен ақшалай көмек табысталған, бірақ оны да әпкесі алған деген мәлімет бар.
Видеодағы әжей тіпті сөйлеуден қалған.
Әлеуметтік желі қолданушылары қарияға лайықты қарттық қамтамасыз етуді талап етті.
Жазба астындағы пікірлерге жауап берген қаладағы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Мария Понамарёваның қазіргі уақытта басқармаға қарасты әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылғанын мәлімдеді. Сол жерде әжейді жуындырып, таза киім кигізіп, тиісті күтімге алғанын хабарлады.
View this post on Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






