Зардап шеккендер бар: Алматыда жолаушылар автобусы аялдамаға соғылды (ВИДЕО)

Қазан 24, 2025 - 16:16
Қазан 24, 2025 - 16:27
Зардап шеккендер бар: Алматыда жолаушылар автобусы аялдамаға соғылды (ВИДЕО)
Фото: Zakon.kz

Алматыда автобус аялдамаға соғылып, автобус күтіп тұрған бірнеше адам зардап шеккен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға бүгін сағат 12:35-те Жетісу ауданында болған.Әлеуметтік желілерде автобустың аялдамаға соғылған сәті түсірілген видео тарады.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Солтүстік айналым көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік бордюрге, одан кейін аялдамаға соғылып, сол сәтте сонда тұрған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам – аялдамада тұрған жаяу жүргінші мен автобустың бір жолаушысы медициналық көмекке жүгінді. Оқиғаның мән-жайын Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр, - делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow