Зардап шеккендер бар: Семейде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалды

Қыркүйек 16, 2026 - 16:18
chat_bubble  0 visibility  2
Зардап шеккендер бар: Семейде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалды
Фото: ПД Абай облысы

Семейде маршруттық автобус пен Jetour X70 автокөлігі соқтығысып, салдарынан адамдар зардап шекті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға 16 қыркүйекте сағат 13:10 шамасында Қаржаубайұлы- Энергетик көшелерінің қиылысында болған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, автобустың 50 жастағы жүргізушісі солға бұрылу кезінде көлік құралын басқара алмай, жолда тұрған автокөлікті қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер бар. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

«Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Жол қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде»,– делінген хабарламада.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда. Тексеру нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0