Зардап шеккендер бар: Жайық өзенінде екі моторлы қайық соқтығысты

Маусым 23, 2026 - 12:16
chat_bubble  0 visibility  1
Зардап шеккендер бар: Жайық өзенінде  екі моторлы қайық соқтығысты
Фото: Видеодан скрин

Атырауда Жайық өзенінде екі моторлы қайық соқтығысты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 маусымда шамамен сағат 23:35-те Жайық өзенінде MAN-0468 және Dolphin ATR-0787 қайықтары соқтығысқан.

"Оқиға салдарынан ATR-0787 қайығында болған екі жолаушы әртүрлі дене жарақаттарын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді", – деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша барлық қажетті материал жиналып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0