Зеленский атысты тоқтату туралы мәлімдеме жасады

Наурыз 12, 2025 - 09:01
Наурыз 12, 2025 - 08:49
Зеленский атысты тоқтату туралы мәлімдеме жасады
фото: видеодан скриншот

Владимир Зеленский Украина АҚШ-тың 30 күн атысты толықтай тоқтату туралы ұсынысын қабылдағанын растады, деп хабарлайды Sadaq.kz Зеленскийдің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Америкалықтармен бұл кездесуде біздің ұсынысымыз үш нәрсе болатын: әуедегі тыныштық – зымыран, бомба, алысқа атылатын дрондар және теңіздегі тыныштық...

Бүгін келіссөздер барысында америкалық тараптан алғашқы қадам жасап, 30 күн бойы тек зымырын, дрон мен бомбалардың атысын тек Қара теңізде ғана емес, майданның бүкіл желісі бойынша толықтай тоқтатуға тырысу туралы ұсыныс болды.

Украина бұл ұсынысты қабылдады. Біз мұны оң шешім деп санаймыз. Біз мұндай қадамға баруға дайынбыз. АҚШ Ресейді де мұны жасауға көндіруге тиіс. Яғни егер Ресей тарапы келіссе, біз де келісеміз. Сол кезде толықтай тыныштық орнайды, - деді өзінің видеоүндеуінде Владимир Зеленский.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow