Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Қыркүйек 24, 2025 - 09:56
Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін мәлімдеді
Фото: Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстанда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ол Fox News арнасына берген сұхбатында келіссөздер өтетін орынды талқылады.

Украина президенті Киевтің кездесу өткізу орны ретінде Түркия, Сауд Арабиясы, Катар және «бейтарап Еуропа» — Австрия мен Швейцарияны ұсынғанын айтты.

Біз кездесуді өткізу үшін әр түрлі орындарды ұсындық – Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар, Австрия немесе Швейцария сияқты бейтарап Еуропа, қаласаңыздар, мәселен, Қазақстанда кездесе аламыз, — деді Зеленский.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow