«Жағдайы өте ауыр»: Мұхтар Шахановтың келіні ақынның жағдайын айтты
Әлеуметтік желіде ақын Мұхтар Шахановтың келіні сынағандарға жауап беріп, шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы Жаңагүл Өмірбекова Facebook желісінде парақшасында ақынның қазіргі жағдайын жазды.
"Мен Жаңагүл Мұратқызы, Мұхтар Шахановтың келіні ретінде, әлеуметтік желіде Ата жарияланған видеоға байланысты ашық мәлімдеме жасаймын! Атаның қазіргі жағдайы өте ауыр, айтқанын бір сәттен кейін ұмытып қалатын науқас күйде. Жақында ғана екінші ұлынан айрылған адамның психоэмоционалдық жағдайының қаншалықты ауыр екенін біреу түсінсе, біреу түсінбейді. Қазіргі таңда Ата қоғамда болып жатқан жағдайлардан мүлдем бейхабар, осыны түсініңіздер! Тыныштық беріңіздер! Ұлтына өлшеусіз еңбегі сіңген, Ана тіліне өмірін арнаған Атамызды бір видеоға бола қарғап-сілеудің, қаралаудың ешқандай негізі жоқ. Мұхтар Шаханов өз Ұлтының алдында адал перзенті болып мәңгі тарихта қалатын тұлға!", – деді Жаңагүл Өмірбекова.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0