Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Бүгін Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты іс бойынша екінші сот отырысы өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Сотта тараптар жарыссөзге көшті. Прокурор жеңілдететін мән-жайларды ескеруді сұрады: Жақсылық Омардың бұрын соттылығы болмаған және жеті баланы тәрбиелеп отыр. Ауырлататын мән-жайға оның мемлекеттік қызметші ретіндегі антын бұзуы саналады.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға мемлекеттік қызметте, жергілікті басқаруда және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Сонымен қатар жәбірленуші шенеунікті бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Жақсылық Омардың адвокаттары айыпталушының басынан бастап кінәсін мойындағанын, тергеумен ынтымақтасқанын, мемлекет қаражатын жымқырмағанын және залалды өтегенін атап өтті. Оның қарт ата-анасы және жеті баласы бар, олардың бесеуі кәмелетке толмаған, екеуі студент.
Сонымен қатар қорғаушы Өскеменнің бұрынғы әкімінің жұмысын еске салды,оның айтуынша, жұмысының нәтижесін қала көшелерімен көлікпен жүріп өткен кезде көруге болады.
Адвокаттар сотталушыға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза, атап айтқанда, айыппұл салуды сұрады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0