«Жалған әрі жиіркенішті сөйледіңіз!»: Баян Мақсатқызы белгілі қаламгерді сотқа берді (ВИДЕО)

Мамыр 18, 2026 - 12:11
chat_bubble  0 visibility  0
«Жалған әрі жиіркенішті сөйледіңіз!»: Баян Мақсатқызы белгілі қаламгерді сотқа берді (ВИДЕО)
Фото: әлеуметтік желі

Продюсер Баян Мақсатқызы өзін сынаған жазушы Серік Сыбанбайдың пікіріне жауап берді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Алдымен әлеуметтік желіде Серік Сыбанбайдың Баян Алагөзова туралы пікірі тараған. Онда автор продюсерді сынап, қазақ тілділерді "мәмбетке" теңегенін айтқан. Осыған байланысты Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында бірнеше жазба жариялап, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

«Егер сіз менің әкемді құрметтесеңіз, мұндай жиіркенішті жалған сөзді ешқашан айтпас едіңіз. Мен ондай сөздерді ешқашан айтқан емеспін, енді оны сотта дәлелдеуге тура келеді!», – деп жазды ол.

Сондай-ақ продюсер өзін қаралап жатқан адамдардың көбейіп кеткенін айтып, ашуын жасырмады.

«Менің атымды қаралағысы келетіндер қаншама, өздері ешқандай жақсы дүние жасай алмайтындар қаншама?!», – деді Баян Мақсатқызы.

Бұдан бөлек, ол қазақ тілі мен ұлттық құндылықтарға қарсы деген айыптауларға да жауап берді.

«Мені қаралап, өз тіліне, дәстүріне, ұлтына өшпенді деп айыптағанда, менде бір сұрақ туады: онда бүгінгі жастар айтып жүрген әндерді кім жазды? Қазақ қыздары, ар-намыс, рух, қадір-қасиет туралы ең танымал әндерді кім шығарды? Неге? Бұл ән 12 жыл бұрын жазылды, одан бөлек те қаншама ән бар. Келіңіздер, Отанға деген махаббат, қазақ қызы, халықтың рухы мен намысы туралы әндердің бәрін тізіп шығайық!», – деп жазды продюсер.

Айта кетейік, Баян Мақсатқызы жақында Орталық стадионда өтетін концертіне дайындалып жатқанын хабарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0