Жамбыл облысында 25 жастағы жас жігітті атып кетті

Тамыз 3, 2026 - 13:30
 0  35
Жамбыл облысында 25 жастағы жас жігітті атып кетті
Фото: Криминальный Казахстан

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы Луговое ауылында ер адамға қарулы шабуыл жасалып, қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға 1 тамыз күні түнгі сағат 03:00 шамасында болған.

Туыстарының айтуынша, бұл қылмысқа ауданда әрекет ететін қылмыстық топқа қатысы бар адамдардың қатысы болуы мүмкін.

Марқұмның әпкесінің сөзінше, күдікке ілінген адамдардың жасы шамамен 22-де. Жаақындары бұған дейін де оған бірнеше рет қауіп төндірілгенін айтып отыр. Олар істің жан-жақты әрі әділ тергелуін, кінәлілердің заң алдында жауап беруін талап етуде.

Сонымен қатар отбасы өкілдері Қазақстан Президентіне үндеу жасап, тергеу барысын жеке бақылауға алуды сұраған.

Марқұмның артында жары, ұлы мен қыздары қалды. Ал қарт ата-анасы жалғыз ұлынан айырылды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0