«Жаңа Конституция күні бекітілуі мүмкін»: Әшімбаев мәлімдеме жасады
Қазақстанда жаңа демалыс күні бекітілуі мүмкін. Сенат төрағасы Маулен Әшімбаев журналистерге берген сұхбатында жаңа Конституция күні алдағы референдум өтетін 15 наурыз болуы ықтимал екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Әшімбаевтың айтуынша, жаңа мерекелік күн өтпелі ережелерге сәйкес Конституция қабылданған күнмен байланысты болмақ.
"Қабылданған күн мен күшіне енген күн – екі бөлек мәселе. Жоба бойынша әңгіме қабылданған күн туралы болып отыр. Қабылданған күн – 15 наурыз", – деді ол.
Сенат спикері түпкілікті шешім референдум нәтижесіне байланысты болатынын атап өтті.
"Азаматтар өздері дұрыс деп санағандай дауыс беруге құқылы. Референдум сол үшін өткізіледі. Егер халық қолдаса, жаңа Конституция қабылданып, Конституция күні 15 наурыз болады", – деді Маулен Әшімбаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0