Жаңа министр ант қабылдады

4 наурызда Үкімет отырысында жаңа өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ант қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстан халқы, Президенті алдында бар күш-жігерім мен білімімді Отанымның өркендеуіне арнауға, Конституция мен мемлекеттің заңдарын қатаң сақтауға, барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарын ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етіп, мемлекеттілікті және елімнің әлемдік қауымдастықтағы беделін нығайтуға салтанатты түрде ант етемін", – деді жаңа министр Ерсайын Нағаспаев.
Ант қабылдағаннан кейін премьер-министр Олжас Бектенов жаңа министрдің жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, жуырда Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалған еді.
Ерсайын Нағаспаев 2021 жылы сәуірден бастап "ҚТЖ" ұлттық компаниясында жұмыс істеді. Кейінгі уақытта "ҚТЖ "ҰК" АҚ-да жаңа жобалар бойынша басқарушы директоры болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






