«Жаңалық көп»: Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек Савельев туған анасы туралы жайттың шетін шығарды

Маусым 2, 2025 - 11:30
«Жаңалық көп»: Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек Савельев туған анасы туралы жайттың шетін шығарды

20 жыл бұрын бельгиялық әйел асырап алған, бүгінде туған анасын іздеп жүрген қазақ баласы Жәнібек Савельев желіге жазба жариялап, айтар жаңалығы көп екенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сәлем, қымбатты отбасым! Қалайсыздар? Сіздерге айтар жаңалығым өте көп! Өздеріңізбен сөйлеспегеніме біраз болыпты. Шынымды айтсам, сіздерге хат жазу үшін үнемі достарымнан аударма жағынан көмек сұрауыма тура келеді, ал олардың менен басқа да жұмысы көп, сондықтан жиі мазалағым келмейді. Сіздерді ойламаған күнім жоқ, Қазақстанға бару туралы да жиі ойланатын болдым», – дейді Жәнібек.

Ол туған анасына қатысты көп жаңалық бар екенін айтты.

«Биологиялық анамды іздеуге байланысты да көп жаңалық бар. Іздеу жұмысы күн сайын жалғасып жатыр, ол жұмыс тоқтаған жоқ және тоқтамайды да. Соңғы бірнеше айда жиналған жаңалық көп, барынша хабардар етермін. Бір кісі менен: «Жаңалықтарыңды жазатын чат-арна неге ашпайсың?», – деп сұрады. Чат ашайын ба, әлде сіздерге осылай парақшамнан оқу ыңғайлы ма? Барлығыңыз аман-есен болыңыздар, жадырап келген жаз жақсылығын ала келсін, жазғы демалыстарыңыз күшті өтсін деп тілеймін! Хабарласамыз!», – делінген жазбада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow