«Жаны жұмақтан болсын»: Асанәлі Әшімовтің әйелі қаралы хабар айтты

Қаңтар 26, 2026 - 08:25
 0  1k
«Жаны жұмақтан болсын»: Асанәлі Әшімовтің әйелі қаралы хабар айтты
фото: әлеуметтік желіден

Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі жазбасында отбасын тағы бір ауыр қаза шарпығанын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ол марқұм Сағидың жары, екі немересінің анасы Селимханның дүниеден өткенін хабарлады.

Бағдат Әшімованың сөзінше, бұл қайғы әсіресе немерелері үшін ауыр тиген.

«Асылымнан айырылып отырғанда, көз жасымызды азайта алмай, жүрегіміз жадап отырғанда тағы бір қайғы шаңырағымызды торлады. Сағидың жары, екі немереміздің анасы Селимхан өмірден озды. Ансарым мен Майрамның көз жасын сүрту, қайғыда қасында болу, өмір ары қарай жалғасатынын түсіндіру оңай емес. АЛЛА енді жылатпасын… Селимхан келініміздің жатқан жері жұмақтың төрі болсын», – деп жазды Бағдат Әшімова.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 2
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 4
Жарайсың Жарайсың 1