Жәнібек Әлімханұлының менеджері мәлімдеме жасады

Қаңтар 9, 2026 - 17:24
 0  0
Жәнібек Әлімханұлының менеджері мәлімдеме жасады
Фото: Twitter / Janibek Alimkhanuly

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допингке дауына оның менеджері Берік Сұлтан мәлімдеме жасады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ол спортшының В сынамасы ашылғанын айтты.

Сонымен қатар бұл деректі Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков те растады.Менеджердің айтуынша, екінші сынама АҚШ аумағында ашылған.

"Екінші сынама бүгін Америкада ашылды. Барлығы талапқа сай өтті. Біздің команда өкілдері пломбалардың ашылуына тікелей қатысты. Процестің заңды, ашық өткенін растады. Қазір сынама зертханаға жөнелтілді. Енді ресми қорытындыны күтіп отырмыз. Нәтиженің қашан дайын болатыны нақты айтылған жоқ", – деді Берік Сұлтан.

Сондай-ақ ол команданың басты ұстанымы адал спорт екенін атап өтті. Оның сөзінше, жанкүйерлер Жәнібектің тыйым салынған препараттарды қолданбағанына сенімді.

"Жанкүйерлер Жәнібектің тыйым салынған препараттарды қолданбайтынына сенеді. Өзіміз де таза спортты насихаттаймыз. Көптеген жас боксшылар Жәнібекті үлгі тұтады. Ол – кәсіби спорттың не екенін жақсы білетін, жеті жылдан бері кәсіпқой рингте жүрген чемпион. Қандай дәрумен қабылдап, қайсысын қабылдауға болмайтынын нақты біледі", – деді ол.

Берік Сұлтан команда бұған дейін де ереже бұзбағанын және болашақта да осы бағыттан таймайтынын жеткізді.

"Біз не ішуге болады, не ішуге болмайтынын жақсы білеміз. Бұрын да қолданған жоқпыз, қазір де, алдағы уақытта да қолданбаймыз", – деп мәлімдеді менеджер.

Айта кетейік, 6 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш бірдей чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегін өткізуі тиіс болған. Алайда VADA жүргізген допинг тексерісінде тыйым салынған мельдоний анықталғандықтан, айқас өтпей қалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0