«Жаным ауырып, жүрегім сыздап отыр»: Мөлдір Мұқан күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдерге ән арнады (ВИДЕО)
Танымал продюсер, әнші Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдерге арнаған әсерлі әнін жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол ішкі жан күйзелісін әнмен жеткізіп, қоғамда болып жатқан жайттарға үнсіз қарап отыра алмағанын айтты.
«Менің бұл жазбам – біреудің өмірінен хайп табу немесе біреудің өліміне айып тағу емес. Мен жылағанда ел жұбатты, ел жылағанда мен жұбатпаймын ба?
Мақсат керіс те, жеңіс те емес. Жанымның ауырып, жүрегімнің сыздап отырғаны – ана баласыз қалды, сәби анасыз қалды, бір жүректің соғуы тиылды, бір гүлдің тамыры қиылды…
Ана жүректегі жарақатты ешкім өшіре алмайды, солған гүлді ешкім қайта өсіре алмайды, қоғам қатігездікті кешіре алмайды…», – деді Мөлдір Мұқанова.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0