«Жаның жәннатта болсын, жан құрбым»: Меруерт Түсіпбаева сағынышын жеткізді
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева пластикалық ота кезінде көз жұмған блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базарханды еске алып, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесі желідегі парақшасында марқұм құрбысымен бірге өткен сәттерінен бейнежазба жариялап, оның өмірден өткеніне 40 күн толғанын айтты.
«Егер қайтыс болған жақыныңды жылап жоқтау, қимай іздеу күнә болса, Жаратқан көз жасын пендесінің бойына жаратар ма еді?! Өмір барда – өлім хақ дегенімізбен, мұңаюдың да өз орны бар-ау. Жан-жағына нұрын шашқан Сәуленің ортамыздан кеткеніне 40 күн...Жаның жәннатта болсын, жан құрбым», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары да пікірлерде марқұмды еске алып, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0