«Жаныңыз жәннатта болсын»: Тұрсынбек Қабатов әсерлі жазба жариялады

Ақпан 10, 2026 - 14:34
 0  356
«Жаныңыз жәннатта болсын»: Тұрсынбек Қабатов әсерлі жазба жариялады
фото: әлеуметтік желіден

Танымал әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әкесін еске алып, жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесінің айтуынша, бүгін әкесінің туған күні. Егер көзі тірі болғанда, 72 жасқа толар еді.

«Әкем болмысы бөлек, терең жан еді. Көп сөз айтпай-ақ, бір қас қабағымен көп нәрсені ұғындыратын. Кітаппен дос, ойы биік, сөзі салмақты адам болды. Әке – асқар тау. Жаныңыз жәннатта болсын. Сағындық», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әзілкештің жазбасына пікір қалдырып, марқұмның жатқан жері жайлы болуын тілеп, көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 1
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0