«Жас келін білмей келгенімен әдемі»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады
Танымал әнші Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбында сөз қозғап, отбасылық өмірі туралы сыр шертті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы әнші “Таңшолпан” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
“Мен өзімнің келініме қарап аңқау, көп нәрсе білмейтін өзімнің жас кезімді еске түсіремін. Сондай білмей тұрғанымен сүйкімді сияқты. Жас келін өмір көріп тастаған сияқты келіп өзіңе ақыл үйретіп тұрса ол кезде әдемі болмай қалады деп ойлаймын. Жас келін білмей келгенімен әдемі. Біз үйреткенімізбен енеміз. Мен былай істе, былай істе деп көп айтпаймын. Менің болмысыма қарап, өткен өміріме қарап, айналаға қарап, өзі тәрбие алып жатыр деп ойлаймын. Келінге де, балаға ақыл айта берсең қазір ақпараттық заман миы ашып кетеді ғой. Мен керісінше ақыл сұраймын. Мынаны кисем қалай, былай барсам қалай деп. Үйге келсек әрнәрсе пісіріп қояды. Көңілімізге барынша қарауға тырысады”,- деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0