Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленетін болды

Қаңтар 10, 2025 - 15:08
 0  2.4k
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленетін болды

Жазушы Мұхтар Мағауин қайда жерленетіні белгілі болды. Бұл туралы ІТ саласындағы маман Тимур Бектұр жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.

«Әгәрәки, АҚШ-та жүргендер болса, рәсімдері осындай:

  • қаңтардың 9-ы, бейсенбі ақшамда дүние салған Мұхтар Мағауиннің жаназасы ертең, қаңтардың 11-і сенбі күні сағат 10:00-де түріктің Diyanet Center of America мешітінде (9610 Good Luck Rd, Lanham, MD 20706) оқылады,
  • қонақасы да сол орында 13:00-де беріледі.
  • жерлеу рәсімі 11:00-де Parklawn Memorial зиратында (12800 Veirs Mill Rd, Rockville, MD 20853) өтеді», — деді ол.

Айта кетейік, бүгін жазушы Мұхтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Мұхтар Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Баршатас ауылында дүниеге келген. Ол — тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996).

«Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. (1984).

Мұхтар Мағауиннің «Қобыз сарыны», «Көк мұнар», «Аласапыран», «Мен», «Жармақ», «Шыңғыс хан», т.с.с. шығармалары бар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 3
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 3
Сұмдық Сұмдық 4
Қайғылы Қайғылы 7
Жарайсың Жарайсың 2