Жазушы Өзбекәлі Жәнібеков пен Нұрсұлтан Назарбаевты кім «шағыстырғанын» айтты

Наурыз 13, 2025 - 09:10
Наурыз 13, 2025 - 09:19
Жазушы Өзбекәлі Жәнібеков пен Нұрсұлтан Назарбаевты кім «шағыстырғанын» айтты
Фото: Азаттық

Жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында Өзбекәлі Жәнібеков пен Нұрсұлтан Назарбаевтың арасы неден «нашарлағанын» айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Өзбекәлі Жәнібековті Мәдениет министрі етіп әкелген – Назарбаев, ал Орталық комитетке хатшы болып келуі Колбиннің әсері болса керек. Өзекең өзінің «Тағдыр тағлымы» мемуарында Назарбаевпен арасы нашар болғанын жасырмай жазды. Бірде Колбин «менің орныма үміткер екі адамның ортасында отырмын» деген ғой екі жағындағы Өзекең мен Нұрекеңе қарап.

Бұл бір жағы араларына от жағу. Мүмкін, бағалау да шығар. Бірақ осыны Өзекең көңіліне дық алмаған. Нұрекең болса, көңіліне дық алған. 

Ал Өзекең бірінші хатшы Назарбаев болса екен деп ойлаған. Өйткені, біріншіден, ол өзінің шәкірті. Комсомолдың тәрбиесі далаға кетпейді деп ойласа керек. Сосын Өзекең өзінің жасының келіп қалғанын білетін. Ол анау айтқандай карьерист адам емес еді.

Ал президент бола қалған күннің өзінде Ислам Кәрімовтей басшы болатын еді деп ойлаймын. Кәрімов болу – мақтан емес. Бірақ Нұрекең жаңағы сәтте көңіліне дық алып қалды дейді», - дейді жазушы-ғалым

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow