Желіде фельдшерлердің науқасты тепкілеген видеосы тарады

Қараша 24, 2025 - 11:44
Желіде фельдшерлердің науқасты тепкілеген видеосы тарады

Әлеуметтік желілерде жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа медициналық көмек көрсетпей, көшеде жатқан адамды тепкені бейнеленген видео тарап жатыр.  Алайда, бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтыны анықталды, деп жазады Sadaq.kz.

Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталықтың мәліметінше, видеодағы адамдар қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері емес. Олардың киім үлгісінде мемлекеттік және ведомство белгілері жоқ. Әрі киімнің түс гаммасы мен үлгісі Қазақстанда қолданылатын бірыңғай стандартқа сәйкес келмейді.

Бұдан бөлек, роликтегі оқиға 2024 жылдың 11 наурызында Волгоград қаласында болғаны және сол уақытта ресейлік БАҚ-та кеңінен жарияланғаны анықталды. 

"Таратылған видеода авторлар қатысу әсерін күшейтетін және көрерменде жағымсыз эмоциялар тудыратын аудио жолақты мақсатты түрде салған. Мұндай техникаларды қолдану жағдайды бұрмаланған түрде қабылдауды қалыптастыруға және аудиторияға эмоциялық қысымды арттыруға бағытталған манипуляцияның әдістері болып табылады. Бұл роликтің ақпарат беру үшін емес, керісінше негативті күшейту және шұғыл қызметтерді дискредитациялау үшін жасалғанын қосымша растайды", - деп мәлімдеді орталық.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow