«Жер сілкінісі қайталануы мүмкін» — ТЖД басшысы

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылды.

Наурыз 4, 2024 - 13:03
Наурыз 4, 2024 - 13:30
 0  122
«Жер сілкінісі қайталануы мүмкін» — ТЖД басшысы
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Қазіргі уақытта жер дүмпуінің қайталану қаупі сақталып отыр. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев мәлім етті, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылды. Дәл қазіргі уақытта жер дүмпуінің қайталану қаупі әлі де сақталады. Афтершок. Бүкіл қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, жақын орналасқан халықты қабылдау пунктіне баруларыңызды сұраймыз», — деді Нұрлан Атығаев.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда бүгін  сағат 11:22-де жер сілкінісінің 5 балдық күші сезілген еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0