«Жерге қарайтын түрі жоқ»: Өмірқұл Айниязовтың әрекеті елдің ашуын туғызып, сынның астына қалды (ВИДЕО)

Наурыз 16, 2026 - 14:36
app_badging Наурыз 16, 2026 - 14:43
chat_bubble  0 visibility  54
«Жерге қарайтын түрі жоқ»: Өмірқұл Айниязовтың әрекеті елдің ашуын туғызып, сынның астына қалды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязовтың референдум кезінде сайлау  учаскесіне  келген сәті халықтың ашуын туғызды, деп хабарлайды  Sadaq.kz.

Әншінің сайлау учаскесіне дауыс беруге  келген кезі бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің наразылығын тудырды.

Желі қолданушыларының пікірінше, өнер иесінің жүріс-тұрысы мен өзін ұстауы тым оғаш көрінген. Оқырман қауым әншінің қарапайым халықтың арасына ерекше паңдықпен кіріп келгенін ерсі санап, сынның астына алды. 

«Министр құсап кіріп келді ғой, кеудесін керіп не болды?», «Жерге қарайтын түрі жоқ», «Ауа жұта алмай тұр ғой», «Әкімдердің өзі бұлай кірмейді», «Қолына билік берсе не болады екен?», «Мынау не жүріс?! Төменге түс, айналайын!», «Өнер адамына тән қарапайымдылығы жоқ екен», – деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0