Жетісу облысында жарылыс болды

Ақпан 16, 2026 - 09:40
 0  1
Жетісу облысында жарылыс болды
Фото: ТЖМ

Жетісу облысы Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, төтенше жағдай кеше кешкісін болған. Оқиға орнына департамент өкілдері жедел жетіп, 27 жеке құрам қызметкері мен 6 техника жұмылдырылды.

Жарылыс салдарынан ғимараттың сыртқы қабырғасы мен шатыры ішінара құлаған. Зақымданған аумақ шамамен 36 шаршы метрді құрады. Үш адам жарақат алып, аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы – орташа ауыр, тұрақты, есін біледі. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ ауыл әкімдігі әлеуметтік желілер арқылы дүкендегі жарылысқа және апатты-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты бірнеше көшеде уақытша су беру тоқтатылатынын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0