«Жығылғанға жұдырық болды»: Дана Нұржігіт қиын күндерін айтып, көзіне жас алды

Қазан 5, 2026 - 15:49
app_badging Қазан 5, 2026 - 15:51
chat_bubble  0 visibility  13
«Жығылғанға жұдырық болды»: Дана Нұржігіт қиын күндерін айтып, көзіне жас алды
Фото: Видеодан скрин

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт өмірінің қиын кезеңдерін еске түсіріп, көзіне жас алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы ол Айсәуле Бақытбектің «Syrlasu» подкастында айтты.

«Бұл өмірде тапқан олжам – ақылды бала, адал дос. Балам сол кезде он үш жаста. Басында ол «Қандай да болсын әкем болғанын тілеймін» деп айтып жүрген. Кешірек өзінің де көңілі қайтты. Сол кезде екеуміз бір шеп болып, бірге болдық. Ол менің ең бірінші тірегім болды»,– деді ол.

Тележүргізуші қиындық мұнымен аяқталмағанын, телефон алаяқтарының арбауына түсіп қалғанын жеткізді.

«Одан кейін ол оқиға аяқталып жатып, жығылғанға жұдырып болған оқиға басымыздан өтті. Біз телефон алаяқтарының қақпанына түсіп қалдық. Бір күнде көлігімнен де, біршама ақшамнан да айырылдым. Екеуміз қара жаяу қалдық. Құдайға жалбарынып, «Көрсетпеген тағы нең қалды?» дедім. Сонда балам: «Мама, мен сіздің көз жасыңызды да көрдім, депрессияңызды да көрдім. Бірақ мен сіздің сынғаныңызды көргім келмейді» деді. Он үштегі балаң айтып тұрған кезде қалай сынасың?! Сол сәтте баламнан кешірім сұрадым»,– деді Дана Нұржігіт.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0