«Жоба құны 742 миллион теңге»: Талдықорғанда ит-мысыққа арналған орталық салынбақ

Мұндай қаржыға 400 жаңа жұмысы орнын ашуға болады.

Наурыз 5, 2024 - 16:33
Наурыз 5, 2024 - 17:43
«Жоба құны 742 миллион теңге»: Талдықорғанда ит-мысыққа арналған орталық салынбақ
Фото: Pixabay.com

Жетісу облысы орталығында бұралқы иттер мен мысықтарға арналған 200 орындық орталық ашылмақ, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Облыс әкімінің орынбасары Рүстем Бершінбековтың айтуынша, облыс және қала әкімдерінің халықпен кездесуінде бұл мәселені жануарларды қорғау ұйымы бірнеше рет көтерген.

    "Бүгінгі таңда жоба сараптамаға жіберілген.  Сол себепті толық ақпарат бере алмаймыз. Бірақ шамамен жоба құны – 742 миллион теңге. Айдың аяғында сараптама нәтижесі белгілі болады. Содан кейін ғана бюджетке өтінім жіберіледі", – дейді қала әкімінің орынбасары.

    Белгілі болғандай, бұралқы иттер мен мысықтарға арналған паналау орталығы Өтенай ауылында салынбақ. Оған арнайы жер телімі де бөлінген.

    Алайда қоғам белсенділері бұл қаржының тым көп екенін айтады. Мәселен блогер, қала әкімінің бұрынғы кеңесшісі Нұр Қанатұлының айтуынша, мұндай қаржыға 400 жаңа жұмысы орнын ашуға болады.

    "742 миллион теңгеге кемінде 70 кіші цех немесе өндіріс орнын ашуға болады. Әр нысанда 5-6 адам жұмыспен қамтылады. Шамамен 400 жұмыс орны. Иә, келісемін. Бұралқы иттер мен мысықтарға орталық керек. Оның құны әрі кетсе 50-100 миллион теңге болуы қажет. Бұл бюджеттен бөлінген ақшаны орынсыз пайдалану деп санаймын", – дейді Нұр Қанатұлы.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында екі адамды иттер талап тастағанын жазған едік.

    Сіздің реакцияңыз қандай?

    like

    dislike

    love

    funny

    angry

    sad

    wow