Жұлдыз Әбдікәрімованың баспана дауы шешілді
![Жұлдыз Әбдікәрімованың баспана дауы шешілді](https://sadaq.kz/uploads/images/202502/image_870x_67b427c1b3f1b.jpg)
Тележүргізуші Динара Сәтжан актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың баспана дауы шешілгенін айтты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Төрт жыл бұрын Жұлдыз Астанадағы коттедж қалашығын жарнамалап, болашақта сол жерде тұруды жоспарлаған. Ол өзіне тиесілі үлкен пәтерін паркингімен бірге қалашық иесіне беріп, орнына жаңа үй алуды күткен. Алайда, нәтижесінде баспанасыз қалды. Жұлдыз осыған байланысты екі азаматтық сот процесінен жеңіліп, кейін полицияға арыз жазды және баспасөз конференциясын өткізді. Дегенмен, іс ұзақ уақыт бойы шешімін таппады.Белгісіз себептермен, өткен аптада бұл дау аяқталғаны белгілі болды. Медиация аясында Жұлдыз барлық әлеуметтік желілердегі жазбаларды өшіруге келісім берді.Мен де бұл шешімді қолдаймын және Жұлдыздың осы мәселеден кейін тыныштық тапқанына қуаныштымын», — деді ол.
Тағы оқыңыз: Жұлдыз Әбдікәрімова төрт баласымен баспанасыз қалды
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова 140 млн теңгенің пәтерін 160 млн теңгенің коттеджіне айырбастаймын деп, опық жеген еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?
![like](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/like.png)
![dislike](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/dislike.png)
![love](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/love.png)
![funny](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/funny.png)
![angry](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/angry.png)
![sad](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/sad.png)
![wow](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/wow.png)