Жұлдыз Сүлейменова ант беріп жатқанда Бектенов залдан шығып кетті

Қазан 7, 2025 - 11:45
Қазан 7, 2025 - 11:47
Жұлдыз Сүлейменова ант беріп жатқанда Бектенов залдан шығып кетті
Фото: видеодан скриншот

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Үкімет отырысы кезінде келіп түскен қоңырауға жауап беру үшін залдан шығып кетті. Ал дәл сол мезетте Білім министрі қызметіне жаңадан тағайындалған Жұлдыз Сүлейменованы ант қабылдап жатқан еді, деп хабарлайды Orda.kz.

Сүлейменова жаңадан тағайындалған барлық министрлер үшін міндетті рәсім - Қазақстан халқы мен президентіне адал болуға ант беріп жатқан сәтте, үкімет басшысының орны бос тұрды. Бұл жайттан соң министрлер сәл алаңдап қалды. Аз үзілістен кейін үкімет отырысын бірінші вице-премьер Роман Скляр жалғастырды. Ол күн тәртібін ары қарай жүргізіп, сөзді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға берді. 

Олжас Бектенов шамамен 12 минутта залға қайта оралды. Айта кетейік, мұндай жағдайлар өте сирек болады.

Үкімет басшысын жұмыс орнынан тікелей шақырта алатын адамдардың аз екенін ескерсек, сарапшылар қоңырау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан түскен болуы мүмкін деп болжайды. Бұл ретте қандай мәселе бойынша жедел араласу қажет болғаны да қызығушылық тудырып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow