«Жүрегім сап-сары»: «КешYOU» тобы «Қайрат» пен «Реал» матчының алдында футболшыларға ән арнады

Қыркүйек 29, 2025 - 15:35
chat_bubble  0 visibility  31
«Жүрегім сап-сары»: «КешYOU» тобы «Қайрат» пен «Реал» матчының алдында футболшыларға ән арнады

«КешYOU» тобы алматылық «Қайрат» футбол клубының ойыншыларын корольдік «Реал Мадрид» клубына қарсы матчта қолдау мақсатында ән шығарды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әншілер нағыз жанкүйерлерге арналған делебені қоздыратын тректі тікелей стадионда жазған. Ал топтың сахналық костюмдері команда ойыншылары формасының элементтерімен безендірілген.

Бұл ерекше музыкалық қолдауды жанкүйерлер жылы қабылдады.

Желі қолданушылары «Креативті екен. Әні де, образдары да ерекше», «Осыдан кейін «Қайрат» міндетті түрде жеңуі керек», «Креатив шынында жоғары деңгейде. Қыздар, жарайсыңдар!», «КешYOU – ең үздіктер. Жеңіс біздікі болады!», - деп түрлі пікір білдіріп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КешYOU (@keshyou_official)

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0